- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК министрлері Арменияның бизнес-қауымдастығының өкілдерін ЕАЭО құжаттарын дайындау ісіне белсендірек қатысуға шақырды
ЕЭК министрлері Арменияның бизнес-қауымдастығының өкілдерін ЕАЭО құжаттарын дайындау ісіне белсендірек қатысуға шақырды
Шара барысында ЕЭК өкілдері республиканың бизнес саласының өкілдерінің өзекті деген сауалдарына жауап берді. Шараға ЕЭК алқасының Экономика және қаржы саясаты, Кедендік ынтымақтастық, Сауда сияқты салалар жөніндегі министрлері мен Арменияның бірқатар министрліктері мен бизнес-қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
ЕЭК алқасының Экономика және қаржы саясаты жөніндегі мүшесі Тимур Сүлейменов салықтық әкімшілендіру мәселелер туралы сөз қозғады. Салықтық әкімшілендіру Арменияның ЕАЭО-на араласа бастағалы аталмыш елдің кәсіпкерлері ең көп қиындық көрген саласы. «Бұл мәселелер Армения заңнамаларының Одақ келісімінің талаптарымен сәйкестендірудегі ерекшеліктермен байланысты. Мұндай мәселелер Одаққа мүше елдердің барлығында болған және олар бірте-бірте шешімін тапты. Сондықтан Одақ келісімі мен мемлекеттің заңнамаларын сәйкестендірумен байланысты қандай да бір проблемалар туындаған жағдайда ол туралы Одақ өкілдеріне жеткізу керек. Біз оны барлық тараптардың қатысуымен талқыға салып, оңтайлы шешім қабылдаймыз»,-деді Т.Сүлейменов.
ЕЭК алқасының Кедендік ынтымақтастық жөніндегі мүшесі Владимир Гошин ЕАЭО Кедендік кодексінің жаңалықтары туралы баяндады. «Біз келіскен басты мәселелердің бірі электронды декларациялаудың басымдығымен байланысты. Сондай-ақ жаңа Кедендік кодекс талаптары бойынша, кедендік операцияларды кедендік инспектордың көмегінсіз, автоматты түрде жүргізуге мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ кеденмен байланысты жұмыстар барысында «жалғыз терезе» қағидаты қолданылады. Бұл жүйе тек кеденде ғана емес, сыртқы экономикалық қызметтерді бақылаумен айналысатын басқа да органдарда қолданылады»,-деді ол.
Бизнес өкілдерін ЕЭК мүшелерімен ынтымақтастықты белсенді жүргізуге ЕЭК алқасының Сауда жөніндегі мүшесі Ара Нранян да шақырды. «Бизнес ЕЭК еркін сауда аймағын құрғалы отырған Иран, Египет сияқты елдермен сауда барысында туындап отырған келеңсіздіктерді міндетті түрде тиісті органдарға жеткізіп отыруы керек. Сонда бұл мәселелерді келіссөздер барысында көтеріп шешуге болады. Сондай-ақ Вьетнам мемлекетімен арада жасалатын еркін сауда аймағын құру жөніндегі келісім жасалған соң жаңадан ашылатын мүмкіндіктерді де жіті зерттеген дұрыс»,-деді А.Нранян.
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін" -
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды -
Қазақстан және ЕАЭО: ынтымақтастықтың Қазақстан үшін тиімді жақтары қандай -
Өңірлердегі жаппай газдандыру Қарағандының көмір өндірісіне әсер еткен жоқ – әкім