• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Румыния СІМ 2015-2016 жылға арналған іс-қимыл жоспарына қол қойды

Қазақстан мен Румыния СІМ 2015-2016 жылға арналған іс-қимыл жоспарына қол қойды

15 Мамыр, 2015 17:58
Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковтың және Румыния Сыртқы істер министрлігінің стратегиялық істері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Даниэль Ионицаның қатысуымен Қазақстан және Румыния арасындағы кезекті саяси консультациялар өтті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Аталмыш іс-шара барысында саяси, экономикалық, сауда-инвестициялық және парламентаралық ынтымақтастық туралы кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Тараптар әлемдегі ағымды ахуал бойынша пікір алмасып, «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Румыния Сыртқы істер министрілігі арасындағы 2015-2016 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары» құжатына қол қойды.

Румын тарапы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне дайындық жұмыстарына қатысу мүдделілігін білдірді.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар