Қостанай облысында сайланған 19 әкім 100% дауыс жинаған

10 Қазан, 2013 17:26
Қостанай облысында ауыл әкімдері сайлауында 19 кандидат 100% дауыс жинаған, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ауылдық округ әкімдерін сайлау барысында Қостанай облысының 19 кандидаты 100 пайыз дауыс жинаған, бұл барлығының 7,7 пайызы. 98 кандидат 80 пайыз дауыс жинаса, 4 кандидат 1 дауысқа жоғары жинаған», - деп хабарламда нақтыланған.

Сонымен қатар, әрбір ауданда әкімдердің халықпен жұмыс жүргізу кестесі белгіленді. Кездесуде әкімдікке кандидаттар мен мәжіліс депутаттары қатысты. Бұл халыққа үлкен әсер беріп өздерінің шешімдерін нықтай түсті.

 

Барлық жаңалықтар