- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жеңімпаздары 1 млн теңгеден алады
«Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жеңімпаздары 1 млн теңгеден алады
Байқау жұмыстарының тақырыбы – партияның аса маңызды бастамаларын, партияның жастар саясатын, партия мен оның филиалдары, маслихаттардағы фракцияларының жұмысын, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының қызметін жария ету.
Айта кетейік, былтыр «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында партияның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы қабылданған болатын. Оның мақсаты – бүкіл қоғамда коррупцияның кез келген көрінісіне төзімсіздік ортасын қалыптастыру арқылы халықты жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.
2014 жылғы 1 қыркүйектен 2015 жылғы 11 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар және де жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері түрлі жанрларда (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер және басқалары) қабылданады.
Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылдың 12 маусымы (алынатын күн). Жеңімпаздар Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңында елордамыз – Астана қаласында марапатталады.
Биыл сыйақы тізбегіне радиожурналистер мен жемқорлыққа қарсы тақырыпты көтерген тілшілер үшін жаңа номинациялар қосылып отыр.
Осылайша, жеңімпаздар 9 номинацияда анықталатын болады:
«Ерекше пікір» – Ең үздік телевизиялық журналист
«Сөз шебері» – Ең үздік газет журналисі
«Медиа-профи» – Ең үздік ақпараттық агенттік журналисі
«Көзқарас» – Ең үздік блогер
«Аймақ айнасы» – Ең үздік өңірлік корреспондент
«Қоғам үні» – Ең үздік радио журналисі
«Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін»
«Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ең үздік материалдар үшін».
Жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ