• Главная
  • Ш.Есімова: ЭКҚЗО этникаралық және конфессияаралық қарым-қатынас саласында 29 семинар-тренинг өткізді
15 мая, 2015 13:34

Ш.Есімова: ЭКҚЗО этникаралық және конфессияаралық қарым-қатынас саласында 29 семинар-тренинг өткізді

Орталық Азия бойынша этникаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты зерттеу орталығының жұмыс істеу уақытында этникаралық және конфессияаралық қарым-қатынас саласында 29 семинар-тренинг өткізді, деді ОКҚ брифингінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Шолпан Есімова.
Ш.Есімова: ЭКҚЗО этникаралық және конфессияаралық қарым-қатынас саласында  29 семинар-тренинг  өткізді

«Академия миссиясы әлемдік тәжірибе негізінде  мемлекеттік басқару үшін  білікті мамандарды дайындау мен жоғары білікті кадрларды дайындау болып табылады», - деді ол.

Оның айтуынша, Орталық жұмыс істегелі бері 29 семинар-тренинг өткізген. Ол этникаралық және конфессияаралық қатынаста әлеуметтік технологияларға дайындау, қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясат алгоритмі мен бірыңғай түсінушіліктің қалыптасуы.

«Оның ішінде 10 – республикалық, 13 – аймақтық, 2 – көшпелі, 2 – әдістемелік, 2 жазғы мектеп, ол аясында 1851 адам оқытылды. Орталық сондай-ақ, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, сарапшылық кездесулер, дайын дәрістер  өткізеді.

Анара Тәңірқұлова