• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР экспорты құрылымында минералды өнімдердің көпшілігі ЕАЭО елдеріне жіберіледі

ҚР экспорты құрылымында минералды өнімдердің көпшілігі ЕАЭО елдеріне жіберіледі

15 Мамыр, 2015 16:38
2015 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы – 3 430,1 млн. АҚШ долларын құрады, деп хабарлады Статистика комитеті.

«2014 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 20,9%-ға аз, соның ішінде экспорт – 901,6 млн. АҚШ доллары (31,1%-ға аз), импорт – 2 528,5 млн. АҚШ доллары (16,5%-ға аз)», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (49,4% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), химиялық өнеркәсіп өнімдері (20,0%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (18,9%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (3,9%) құрады.

ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 32,0%), минералды өнімдері (17,7%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (13,4%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (12,7%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (12,5%) әкелінеді.

 

Барлық жаңалықтар