- Басты
- Жаңалықтар
- Тұңғыш рет Тәжікстан Республикасының аумағына ҚР ҚК бас штабының оперативті тобы жіберілді
Тұңғыш рет Тәжікстан Республикасының аумағына ҚР ҚК бас штабының оперативті тобы жіберілді
Әскерлерді тиянақты басқаруды қамтамасыз ету үшін Тәжікстан Республикасы аумағына ҚР Қарулы Күштері Бас штабының оперативті тобы жөнелтілді. Екі тәулік бойы қазақстандық әскерлердің қайта жасақталу үдерісі аяқтады. Осы орайда қазақстандық әскерлер тобы аталған ауданға бірінші болып келді.
Тәжікстан Республикасының аэродромында алдын-ала тексеруден өткен соң аэродромды күзету және қорғау үшін арнайы мақсаттағы бөлімшелер ауыр қару-жарағымен және әскери техникаларымен бірге орналасты. Аталған ЖІҰК тобына кіретін қазақстандық әскерлерден құралған негізгі топ шоғырлану аумағына 14 мамыр күні келген болатын. Майдандық авиация тағайындалған аэродромға орналастырылды.
Аталған ЖІҰК құрамына кіретін,жауынгерлік әзірлікті тексеруге тартылған барлық әскерлер тапсырманы орындауға дайын. Қазақстандық бөлімшелер қаруларымен, оқ-дәрілерімен және әскери техникалары қазақстандық ӘҚК әскери-көліктік авиациясының тоғыз ұшақ рейсімен келді. Ертең қазақстандық күштер мен заттардың барлығы ҰҚШҰ ЖІҰК басшылығына беріліп, аталған ұйыммен басқарылатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 12 мамыры күні ҰҚШҰ Біріккен штабының дабылы бойынша Қазақстанның Қарулы Күштерінен келген бес мыңнан аса адам, шамамен 400 қару-жарақ пен әскери техника жауынгерлік әзірліктің жоғарғы деңгейіне келтірілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады