• Басты
  • Жаңалықтар
  • Егіс науқанын жүзеге асыру үшін азық-түлік корпорациясы шаруаларға 15 млрд-тан астам теңге бағыттады

Егіс науқанын жүзеге асыру үшін азық-түлік корпорациясы шаруаларға 15 млрд-тан астам теңге бағыттады

15 Мамыр, 2015 15:03
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы егіс науқанын жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне 15 миллиард теңге бөлді.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметтерінше, 2015 жылдың 12-мамырындағы мәліметтер бойынша, корпорацияға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден құны 16,2 миллиард теңге болатын 1 мың 950 өтініш келіп түскен.

«Осы күнде олардың арасында құны 15,7 миллиард теңге болатын 1 мың 908 өтініші мақұлданды. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларының кепілдігін алған соң азық-түлік корпорациясы 15,3 миллиард теңгенің 1 мың 853 өтініші қаржыландыратын болды»,-делінген хабарламада.    

Естеріңізге сала кетейік, аталған бағдаралманы жүзеге асыру үшін 17 миллиард 650 миллион теңге бөлінді. Шаруалар өздерінің міндеттерін 2015 жылдың 1-қарашасына дейін орындаулары керек және осы мерзімде азық-түлік корпорациясының уәкілді астық қабылдау кәсіпорындарына бидайларын жеткізулері керек.  

 

Барлық жаңалықтар