Жамбыл облысының аграрилері тамшылатып суару жүйесін меңгерді

15 Мамыр, 2015 12:53
«Жабағлы-Манас» тау клубы мен Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы серіктесе отырып Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы мен Жаһандық Экологиялық Қорымен Шағын гранттар бағдарламасының жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлады Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасы.

Жоба «Жамбыл облысы Меркі ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологиясын енгізу арқылы тарнсшекаралық шағын Аспара өзеніне түсетін салмақты азайту».

Аңдас батыр, Жаңатоған, Кеңес ауылдық округтарында арнайы технологиясын енгізу аясында, сонымен қатар Меркі ауданында жергілікті аграрилердің қатысуымен семинар өтті, онда мамандар Қазақстанда су үнемдеу технологиясын субсидиялау мемлекеттік бағдарламасы туралы айтып берді.

«Су шаруашылығы ҚазҒЗИ»ЖШС аға ғылыми қызметкері Хасан Тәттібаев ауылдықтарға тамшылатып суару жүйесін түсіндірді.

Барлық жаңалықтар