- Басты
- Жаңалықтар
- М.Х Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті Еуразиялық университеттер қауымдастығының 130-шы мүшесі болды
М.Х Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті Еуразиялық университеттер қауымдастығының 130-шы мүшесі болды
Осыдан бастап, қауымдастық еуразиялық кеңістіктегі Әзірбайжан, Армения, Бедарусь, Грузия, Қазақстан, Қырығзстан, Латвия, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина сияқты елдердің 130 университетінің басын қосатын болады.
Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің қазіргі жағдайдағы ынтымақтастығының басым бағыттары мен ұйымның ұйымдастырушылық мәселелерін талқылаған соң съезд қатысушылары қауымдастықтың жетекші органы мен комиссиясын сайлады.
«Арнайы дауыс берулердің нәтижесінде қауымдастықтың президенті қызметіне В.А Садовничий, ал оның вице-президенттері қызметіне РУДН ректоры В.М.Филипов пен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Б.Садықов сайланды. Қауымдастықтың атқарушы хатшысы ММУ-нің ректорының орынбасары Н.В.Семин болды. Съезде сонымен қатар Жоғарғы кеңестің құрамы қабылданып, оған 29 адам кірді»,-делінген хабарламада.
Еуразиялық университеттер қауымдастығының құрамына 12 жоғары оқу орны кірді. Олардың арасында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті бар.
Шара барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті мен Санкт-Петербург механиканың ақпараттық технологиялары мен оптика Ұлттық университеті арасында магистранттарды бірлесіп дайындау жөніндегі келісімге қол қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық универсиеттер қаууымдастығы Мәскеу Мемлекеттік университетінің бастамасымен 1989 жылы КСРО университеттерінің қауымдастығы ретінде құрылған. 1992 жылы қауымдастық Еуразиялық университеттер қауымдастығы болып қайта құрылды. Бүгінде ол беделді ықпалды халықаралық ұйым және оның құрамына ТМД-ға мүше мемлекеттердің барлығының ұлттық университеттері мен Еуразиялық кеңістіктегі аймақтық университеттер мен жоғары оқу орындары кіреді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары