- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық сарапшылар мүгедектердің құқығын әлеуметтік қорғау жүйесін талқылады
Қазақстандық сарапшылар мүгедектердің құқығын әлеуметтік қорғау жүйесін талқылады
Қатысушылар ұлттық саясатттың негізгі бағыттары: мүгедектік, мүгедектер құқықтары туралы БҰҰ тұжырымдамасының мониторингі мен жүзеге асыру сынды мәселелерді талқылады.
«Жалпы, бұл конвенцияға қол қою бойынша жұмыс 2008 жылдан басталған болатын және осы жылдар iшiнде бiз барлық қажеттi мүмкiндiктердi жасадық. Яғни, әлеуметтiк, денсаулық сақтау, бiлiм және еңбекпен қамту саласындағы барлық заңдарға қажеттi өзгерiстер енгiздiк. Ендi бiз бұл жұмыстардың екiншi сатысына көштiк. Конвенцияның басты мәселесі – мүмкiндiгi шектеулі азаматтарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету», - дейдi министр.
Министр атап өткендей, өткен жылдан берi барлық облыстарда қажеттi жұмыс жоспарларын жасадық. Сол жұмыс жоспарларына сәйкес, егер, жаңа нысандар салынатын болса, онда құрылыс нормалары мен ережелерiн өзгертiлген күйде комиссиялар қабылдайды.
«Осыған дейiн салынған ғимараттардың мүмкiндiгi шектеулi азаматтар үшiн қалпына келтiрiлуiн кезең-кезеңiмен алып келе жатырмыз. Биылғы жылдың өзiнде әлеуметтiк саладағы бiзге қарасты барлық ғимараттаың жетпіс пайызын мүгедек азаматтарға қолжетiмдi ету мәселесiн қарастырып жатырмыз. Бiлесiздер, күн сайын ғимараттар салынып, жаңа көлiктер пайда болып жатыр, бұл үдемелi үдерiс. Бiрақ, мүмкiндiгi шектеулi азаматтардың ең қажеттi деген нысандарға қолжетiмдiлiгiн 2020 жылға дейiн шешуіміз керек», - дейдi Т.Дүйсенова.
Айта кетейік, 2015 жылдың 20 ақпанында Мемлекет басшысы ҚР «Мүгедектердің құқығын қорғау туралы тұжырымдаманы ратификациялау» заңына қол қойған болатын. Аталмыш халықаралық құжаттың пайда болуы үлкен жүйеленген жұмыстың бастамасы болды, ол 2008 жылы бастау алған болатын. Қазіргі таңда 150 мемлекет мүмкiндiгi шектеулi азаматтардың құқықтарын қорғау жөнiндегi конвенцияға қол қойды.
Индира Қауметова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері