Солтүстік Қазақстанда үш айда 2 мыңнан астам нәресте тіркелді

15 Мамыр, 2015 16:23
2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысының халқының саны 571,3 мың адамды құрады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.

Қаладағы халық саны 244,5 мың адамды (42,8%) құраса, ауыл халқының саны  326,8 мың адамға  (57,2%) жетті. Облыстың аумағында Қазақстан Республикасы халқының 3,3% тұрады.

Департаменттің мәлметі бойынша, 2015 жылдың алғашқы үш айында 2005 нәресте тіркелді, бұл 2014 жылдың сәйкесінше кезеңінен артық. Жалпы, 711 неке тіркелсе, 453 ажырасу жағдайы орын алған. 2015 жылдың қаңтар-наурыз айындағы халықтың  табиғи өсімі 312 адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңінен 186 адамға көп.

Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айныда 3056 адам жұмысқа оналастырылды. 2015 жылдың сәуір айында жан басына шаққандағы ең төменгі күн көріс көлемі 3%-ға артты.

Барлық жаңалықтар