Ақмола облысында кәсіпкерлерге арналған тегін бизнес-мектеп ашылды

15 Мамыр, 2015 11:37
Көкшетауда Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының жанынан кәсіпкерлік мектебі ашылды. Кәсіпкерлік палата өкілдерінің хабарлауынша, жақында мұнда алғашқы оқыту кеңестері өтті.

«Бизнес-мектебіне кәсіпкерлікті енді ғана бастаған және бұл салада ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан азаматтар да тегін  оқи алады. Ондағы әр топқа 30 тыңдаушыдан келеді. Кәсіпкерлікті енді бастаған және өз ісін бастауды ниет етіп отырған азаматтар бизнес-жоспар жасауды үйренеді, салықтық әкімшілендіру жұмыстарын зерделеп, бизнеске қажетті базалық мәліметтер алады»,-делінген хабарламада.

Оқыту тренигтері «DAMU» жобасының Көкшетау филилының базасында өтуде және бұл бағыттағы жұмыстарды палатаның әдіскерлері жүргізуде. Облыс орталығындағы курстарды аяқтаған соң тренингтер аймақтың барлық аудан орталықтарында ұйымдастырылады. Бұған қоса, курстарды аяқтаған соң, тыңдаушылар инновациялық жобасы болған жағдайда жеңілдетілген және гранттық қаржыландыру қызметін пайдалануға мүмкіндік беретін тиісті сертификаттарды алады.

 

Барлық жаңалықтар