- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабы таныстырылды (Фото)
Астанада «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабы таныстырылды (Фото)
«Біздің мекемеміз Елбасы кітапханасы болғандықтан, руханиятты қолдау іс-шараларына ерекше мән береміз. Технологияның қарыштап дамыған, жаппай жаһандану заманында ұлттық нақыштағы шығармашылық өкілдері назардан тыс қалмауы тиіс. Өйткені олар біздің қаншама ғасырлық төл өркениетіміз, мәдениетіміз, дүниетанымымыз болғанын өзгелерге де, өзімізге де мұқият таныстырады. Келер ұрпақ осы еңбектер негізінде сабақтастығымызды сақтай алады. Бұл бағытта «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» сынды еңбектердің маңызы зор», - деді «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков.
Бұл – толықтырылып екінші рет басылып отырған кітап. Оған қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптарына қатысты 90 сурет енгізілді. Графикалық туындылардың әрқайсысына қысқаша сипаттамасы қоса берілген. Онда көрсетілген салт көшпелі халық үшін қаншалықты маңызды екені жазылады.
Тұсаукесер шарасына мемлекет қайраткерлері, дипломатиялық қызмет өкілдері, руханият қайраткерлері, меценаттар мен кәсіпкерлер қатысты. Көпшілікті автордың бұған дейін де жоғары бағаланып үлгерген ұлттық нақыштағы шығармалары айрықша қызықтырды.
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабының жарық көруіне ORDA INVEST инвестициялық-құрылыс корпорациясы қаржылай қолдау көрсеткен.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
ДДҰ: Әлем халқының 10%-дан азында коронавирусқа қарсы антидене бар -
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді -
Stop Musor: «Қазақстан қалаларын қоқыс басып барады» -
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды