- Басты
- Жаңалықтар
- Спасск полигонында роталық-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу үшін 12 жаттығу орны өрістетілді
Спасск полигонында роталық-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу үшін 12 жаттығу орны өрістетілді
Өткізілген іс-шараның мақсаты кіші құрамдағы офицерлердің қызметтік іс-қимылын күшейту, дербес жауынгерретінде олардың бөлімшелердегі рөлін арттыру болып табылады. Оқу-жаттығуға «Астана» өңірлік қолбасшылығының құралымдары мен бөлімдерінен 30-дан аса офицер және сержант қатысты.
Аталған оқу-жаттығуға 31775 әскери бөліміндегі 1 мотоатқыштар батальонының 1 мотоатқыштар рота басшылығы жетекшілік етті. Полигонда 12 оқу-жаттығу орны өрістетіліп, әрбіріне жауынгерлікжәне техникалық мүліктердің үлгілері қойылды.
Бұл оқып үйренушілерге тақырыпты көрнекі түрде байқауға, ал жетекшілерге тиімді түрде жеткізуге мүмкіндік берді. Осы орайда рота, взвод командирлері роталық-тактикалық оқу-жаттығудың түрлі кезеңдерінде өздерінің қызметтік міндеттері туралы нұсқаулықты тыңдап, жауынгерлік іс-қимылдың тәсілдері, жеке құраммен жұмыс жасаудың жаңа әдістері мен қызметтік міндеттерді енгізу туралы ақпараттар алды.
«Біз жиын барысында өзара іс-қимылды ұйымдастыру, жеке құрамды даярлау, әскери техника мен қару-жарақ мәселесін пысықтауға жіті көңіл бөлдік. Жауынгерлік өкімді алған сәттен бастап кіші офицерлік буын командирлері іс-қимыл алгоритмін дұрыс түсініп, әр бағыныстының рөлін білуі керек», - деп 31775 әскери бөлімінің командирі Нұрлан Осмонов атап өтті.
Атап айтсақ, көрсеткішроталық-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу жас офицерлердің аға буыннан тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, теориялық білімдерін нығайтуға, сондай-ақ қызметтік міндеттерін сапалы орындау үшін тиімді ақпарат алуға ықпал етті.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды