- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Түркия дипломатиялық қызметті жаңғырту саласында тәжірибе алмасуда
Қазақстан мен Түркия дипломатиялық қызметті жаңғырту саласында тәжірибе алмасуда
Сапар шеңберінде Анкарада СІМ Жауапты хатшысы Анарбек Қарашев және Түркия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Али Наджи Корудың төрағалығымен екі елде кадрлық саясатты жүзеге асырудың кең спектрі талқыланған Қазақстан мен Түркия Сыртқы істер министрліктері арасындағы кадрлық мәселелер жөнінде консультациялар өтті.
Атап айтқанда, халықаралық қатынастар мамандарын, ілеспе аудармашыларды даярлау, СІМ мен шетелдік мекемелер арасындағы кадр алмасуы, дипломатиялық қызметкерлер резерві, дипломаттарды жеке секторға, «ақылмандар» орталықтарына, халықаралық ұйымдарға және т.б. ауысу және уақытша іссапарға жіберу мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысының нақты 100 қадамнан тұратын Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қатысты қойған тапсырмаларын орындау мақсатында, Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту және заманауи, кәсіби мемлекеттік аппарат құру туралы шетелдік тәжірибені зерттеп, зерделеуде. Осыған орай, осындай консультациялардың өткізіліп тұруы Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды тиімді жүзеге асыруға септігін тигізеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды