• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан солтүстік-оңтүстік бағытымен жылжитын тауарлар үшін бірінші бекет болады – сарапшы

Қазақстан солтүстік-оңтүстік бағытымен жылжитын тауарлар үшін бірінші бекет болады – сарапшы

14 Мамыр, 2015 19:18

Қазақстан солтүстік-оңтүстік бағытымен жылжитын тауарлар үшін алғашқы басты бекет болуға қауқарлы, әсіресе ЕАЭО аясында, деді ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Евгений Хон Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.  

«Қазақстан солтүстік-оңтүстік бағытымен жылжитын тауарлар аялдайтын алғашқы, басты бекет болуға қауқарлы әсіресе, ЕАЭО аясында. Осыған байланысты Қазақстан үшін оңтүстік бағыттарды дамыту маңызды болуы тиіс. Әсіресе Иран қаласы Чабахар арқылы шығып, Шығыс көлік дәлізі арқылы тұйықталатын Оман бұғазы тиімді болмақ»,-деді Е.Хон.   

Сарапшының пікірінше, өзінің жеке көлік-логистикалық кешенінің болуы жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, қандай да бір кептелістер мен кедергілердін құтылуға мүмкіндік береді.

«Чабахар-Захедан-Мешхед» (ұзындығы 1330 км) темір жол жобасының бір бөлігі болып табылатын «Чабахар-Захедан (ұзындығы 570 км) темір жолының құрылысы осы уақытта басталды. Ол Чахабарды, Тегеран және Горган қалаларымен байланыстырады, өз кезегінде ол Қазақстанға жеткізілетін жүктердің жолын айтарлықтай қысқартады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар