- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды
Отырысқа Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттары, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Ұлттық экономика министрліктерінің, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Сараптама тобының отырысында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі жандарды жұмысқа орналастырудың тиімділігі, сонымен бірге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жүйесі бойынша шағын несиелендіру проблемалары және оларды шешу жолдары мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 626,7 мыңнан астам мүгедек жан тұрады, олардың ішінде 64,5% жұмысқа қабілетті жаста, денсаулығының жағдайына байланысты еңбекке жарамдылары 16% (66,6 мың адам), ал 20%-ы (82,6 мың адам) қазірдің өзінде еңбек етіп жүр.
2015 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 2,3 мыңнан астам мүмкіндіктері шектеулі жандарды жұмыспен қамту бойынша барлық шаралар қолданылды, ол жоспарланған көрсеткіштердің 25,2%-ын құрады.
Сонымен бірге, 967 азамат қоғамдық жұмыстарға бағытталды, 430-ы мемлекеттік қолдау шараларын қолданбастан жұмысқа орналастырылды, 322-сі әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.
Өткен жылдан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінде арнайы жұмыс орындарын ашқан жұмыс берушілерге субсидия беру, кәсіпорынның штаттық санына байланысты мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша квота беру тетігін жетілдіру бойынша нормалар қарастырылған Қазақстан Республикасының көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген түзетулерді талқылау бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы нормаларды іске асыру үшін заңға қосымша тиісті актілер дайындалды.
«Қазіргі экономикалық шарттар мен еңбек нарығындағы жағдай шеңберінде мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша бекітілген конвенцияның талаптарын орындауымыз қажет – ол жұмысқа орналасуда жәрдемдесу», - деп атап өтті партия фракциясының мүшесі Ольга Киколенко.
Халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің бірі – шағын несиелендіру. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде барлығы 30 мыңнан астам азамат кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алды, 28,7 мың жан несие алды, олардың ішінде 20 мыңы өз ісін ашты, ал 8,6 мыңы өз биснестерінің аясын кеңейтті.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері