Алматыда Қазақстан мен Македонияның ынтымақтастығы талқыланды

14 Мамыр, 2015 20:27
Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Қазақстандағы Македония Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Илья Псалтировты қабылдады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Қала басшысы Алматы Қазақстанның қаржы, ғылым, туризм орталығы және барлық бағыттар бойынша бірігіп жұмыс істеуге ашық екендігін атап өтті.

«Македония - Қазақстан сияқты жас мемлекет. Сондықтан да біз бір- бірімізді мәдени байланыстар арқылы кеңінен танып, білуге тиіспіз. Сіздердің даңқты тарихтарыңыз бар, ел тұрақты дамып келеді. Алматы мен Македония арасындағы тауар айналымы жақсы қарқынмен өсуде. Алматыда шетелдік инвесторлар үшін барлық жағдайдың жасалғандығын атап өтпекпін», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде дипмиссия басшысы Македония астанасы Скопье қаласында орналасқан Қазақстан- Македония ассоциациясының жемісті жұмысы туралы айтып, Алматыда ұйымның өкілеттілігін ашу жөніндегі жоспарымен бөлісті. Елші қазақстандық азаматтар үшін визасыз тәртіп қалыптасқандығын, ал студенттерге білім берудің шәкіртақылары қарастырылғандығын жеткізді.

Кездесу соңында мәртебелі мейман бірігіп жұмыс істеуге ынталы екнндіктерін айтты және 2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойынын өткізу құқығын жеңіп алуда табыс тіледі.

 

Барлық жаңалықтар