- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісмендерді Түрікменстанның бейтарап ел атануының 20 жылдығына арналған мерекеге қатысуға шақырды
Мәжілісмендерді Түрікменстанның бейтарап ел атануының 20 жылдығына арналған мерекеге қатысуға шақырды
Аталған ел парламентшілері біздің елімізде Түркіменстанның бейтарап ел атануының 20 жылдығына арналған шараларға қатысуға келді.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың ауқымды мәселелерін талқылап, жанар-жағар май, энергетика, ауылшаруашылығы, көлік және коммуникация салаларына баса көңіл бөлді.
Қабиболла Жақыпов Түркіменстанның Қазақстан үшін Орталық Азиядағы бауырлас ел, тату көрші, стратсгиялық әріптес екенін атап өтті.
«Біздің ел басшыларының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан мен Түркіменстан екіжақты тиімді қарым-қатынастың үлгісін көрсетіп келеді»,-деді Қ. Жақыпов.
Мәжіліс Төрағасының айтуынша, «Түркіменстан - Өзбекстан – Қазақстан - Қытай» газ құбыры, «Қазақстан – Түркіменстан - Қытай» темір жол құрылысы сынды ірі жобалар аясында ықпалдастықтың маңыздылығы өте зор.
Кездесу барысында тауар айналымының өсіміне де көңіл бөлінді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымының көлемі 475 млн.долларды құраған.
Өз кезегінде Гурбангуль Байрамова жүзеге асырылып жатқан жобалар Қазақстан мен Түркіменстан ғана емес, аймақтағы көптеген елдердің дамуына ықпал етіп жатқандығын атап өтті.
Одан әрі Г.Байрамова қазақстандық әріптестерін өздерінің көппартиялы парламенттерінің қызметінен хабардар етті.
Кездесу иелері парламентаралық байланыстарды нығайту жағдайын да назардан тыс қалдырмады. Ол заңнамалық салада тәжірибе алмасуға жол ашумен қатар, қос мемлекет арасындағы достықтың тереңдей түсуіне мүмкіндік береді.
Меймандар қазақстандық әріптестерін осы жылдың желтоқсан айында Ашхабадта өтетін мерекелік шараларға қатысуға шақырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері