• Басты
  • Ақмола облысында «Өрлеу» жобасы аясында шартты қаржылай көмек көрсету бойынша тәжірибе алмасылды
14 Мамыр, 2015 20:08

Ақмола облысында «Өрлеу» жобасы аясында шартты қаржылай көмек көрсету бойынша тәжірибе алмасылды

Көкшетауда «Өрлеу» жобасы бойынша шартты қаржылай көмеу көрсету» тақырыбында оқыту семинары өтіп, оған республиканың бес өңірінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола облысында «Өрлеу» жобасы аясында шартты қаржылай көмек көрсету бойынша тәжірибе алмасылды

Шараны Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы ұйымдастырды. Семинар барысында оған қатысушылар тәжірибе алмасты.

«Ақмола облысы Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарымен бірге 2014 жылдың қаңтар айынан бастап, «Өрлеу» жобасы тәжірибе ретінде енгізіліп отырған аймақтар болып табылады. «Өрлеу» отбасын белсендендіру негізінде шартты қаржылай көмек көрестуді қарастыратын мемлекеттік бағдарламаның тәжірибелік жобасы. «Өрлеу» өсу, өркендеу дегенді білдіреді және тап осы жоба отбасының өзін-өзі қамтамасыз ету қабілетін арттыру мен оны одан әрі дамытуға бағытталған»,-делінген хабарламада.      

Бүгінгі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жан басына шаққандағы орташа кіріс көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60 пайыздан төмен отбасыларына мақсатты әлеуметтік көмектер көрсетіледі.

Жобаның мақсаты – оқыту, қайта оқытып жұмыспен қамту, немесе «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы өзінің жеке ісін ашуға ықпал ету сияқты жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды белсендендіру болып табылады. Осы ретте шартты қаржылай көмек көрсетуге 16,8 миллион теңге бөлінген. Ал жобаны жүзеге асыру үшін қосымша мамандар бөлініп, олардың көмекшілері мен кеңес берушілер іске қосылған.      

«Белгіленген штаттық бірліктерге сәйкес, 2 маманнан аудандарға, 3 маманнан қалаларға бөлінген, Ақмола облысында әлеуметтік саладағы жұмыстармен айналысатын 40 маман бөлінген. 1 ассистент 5 ауылды қамтитын болса, Ақмола облысы бойынша 124 ассистент бөлінген. Облыс мұндай мамандармен 100 пайызға толық қамтылған»,-делінген баспасөз-баянында.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін мақсатты, ағымдағы трансферттер бөлінген, республикалық бюджеттен 2015 жылға тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету үшін 223,8 миллион теңге қарастырылып отыр. Республика бойынша шартты қаржылай көмек көрсету шарасы 2016 жылдың 1-шілдесінен басталады.  

 

 

 

Барлық жаңалықтар