ОАР Президенті Н.Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

14 Мамыр, 2015 17:20
Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зумадан Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Д.Зума Оңтүстік Африка үкіметі мен халқының атынан шынайы құттықтауын жолдады.

«Елдеріміз бен халықтарымыздың арасындағы орныққан қарым-қатынастарға қанағаттанатынымды айтқым келеді. Біздің ұзақмерзімді қарым-қатынасымыз Сіздің білікті басшылығыңызбен бұдан әрі дамып, өркендей беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта. 

Барлық жаңалықтар