- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы автожолдарға 234 млрд теңге бөлінді – ҚазАвтоЖол
2015 жылы автожолдарға 234 млрд теңге бөлінді – ҚазАвтоЖол
Өткен жылы республикалық маңызға ие автомобиль жолдарының торабын дамытуға 174 млрд. теңге бөлінген болатын, оның ішінде 41,2 млрд. теңге Алматы облысына. Ол жалпы бюджеттің 24 % құрайды.
Биылғы жылы жалпы автожолға Республикалық бюджеттен 234 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде Алматы облысына 47,8 млрд. теңге. Ағымдағы жылы 306 шақырым автожол бойында жұмыстар жүргізіледі, 265 шақырым жол қайта қалпына келтіріліп, 41 шақырым жолға орташа жөңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Жыл соңына дейін, 98 шақырым жаңартылған автожол пайдалануға беріледі. Ол үшін 946 дана техника мен 1767 адам жұмысқа тартылған.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік банктердің қарыз беруі арқылы «Алматы-Хоргос» автожолының бөлігінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Құрылыс жұмыстарын Қазақстанның «Қазақжолқұрылыс», «К-Жолқұрылыс», «Найза-Құрылыс», түріктердің «СинеМидасСтрой», итальяндықтардың «Тодини» сияқты белгілі компаниялары, сонымен қатар, жергілікті «Талдықорған жолдары», «Қапшағай көпіржасағы» және басқа да компаниялар жүргізуде.
Жолды қайта қалпына келтіруге қолданатын материалдардың 90% отандық өндірушілердің өнімдері болып табылады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ұлттық операторы инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін жалпы құны 2,6 трлн. теңге болатын 7 100 шақырым жолды құрылыс-жөңдеу жұмыстарымен қамтуды жоспарлап отыр.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы