- Басты
- Жаңалықтар
- Халықаралық отбасы күні аясында қазақстандық дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес береді
Халықаралық отбасы күні аясында қазақстандық дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес береді
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, бұл іс-шаралар биыл «Отбасы – бұл денсаулық, ұзақ өмір және ұрпақтар сабақтастығы» ұранымен өтетін Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, республика өңірлерінде дөңгелек үстелдер, конференциялар және дебаттар өткізіліп, отбасын жоспарлау, ерте жүктілік профилактикасы, жүктілікті тоқтату және репродуктивтік денсаулықты сақтаудың өзекті проблемалары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы, АИТВ/ЖИТС, ерлер мен әйелдер денсаулығына кері әсерін тигізетін мінез-құлық тәуекел факторлары сияқты мәселелер талқыланады.
Халық көп жиналатын жерлерде (саябақтар, алаңдар, стадиондар, спорт алаңдары, неке қию және мәдениет сарайлары, супермаркеттер және т.б.) кең ауқымды акциялар өткізу жоспарланған.
«Отбасы – бұл сенім, махаббат және мейірімділік» тақырыбында сурет байқаулары мен театр қойылымдары, сондай-ақ, «Біз бәрін істей аламыз, өйткені біз - отбасымыз», «Бірлік болса, алынбайтын қамал жоқ» тақырыптарында спорт жарыстары ұйымдастырылады.
Халықаралық отбасы күні босанған әйелдерді перзентханаларда және балалар ауруханаларының неонатология бөлімдерінде құттықтайды.
Халықаралық отбасы күні жоспарланған барлық іс-шаралар репродуктивтік денсаулық үшін азаматтардың ортақ жауапкершілігін, өздерінің және жақындарының денсаулығына қатысты жауапты қауіпсіз мінез-құлық машықтарын қалыптастыруға, дүниеге дені сау бала әкелуге жағдайлар жасауға бағытталады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді