- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Хон: Қазақстанның жалпы жүк айналымы жылына 283 млрд тонна/шақырымға жетеді
Е.Хон: Қазақстанның жалпы жүк айналымы жылына 283 млрд тонна/шақырымға жетеді
«Елбасы «Нұрлы жол» бағдарламасында көлік саласын басты бағыттардың бірі ретінде жайдан ай атап өткен жоқ. Бүгiнгi күнi темiржол және автомобиль жолдары дәлiздерiн дамыту негiзгi бағыттардың бiрi. Өйткенi, Қазақстан арқылы 5 халықаралық iрi көлiк дәлiзi өтедi және бұл көлiк түрлерi барлық жүк тасымалының шамамен 90%-ын құрайды. Қазiргi уақытта ҚР Үкiметi бiрқатар iрi жобаны жүзеге асырды», - деп атап өтті ол.
Сарапшының айтуынша, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан көлiк-логистикасы саласындағы барлық жобалар бойынша жалпы жүк айналымы жылына 283 млрд тонна/шақырымға жетеді.
«2015 жылы Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл желiлерi пайдалануға берiлген болатын. Жезқазған-Бейнеу желiсi батыстан шығысқа қарай жолды 1138 шақырымға қысқартуға, ал жүктi тасымалдау уақыты шамамен 4 тәулiкке азайтуға мүмкiндiк бередi. Ал Арқалық-Шұбаркөл желiсi Солтүстiк Қазақстаннан шығысқа қарай бағытталған жолды 550-700 шақырымға қысқартуға мүмкiндiк бередi. Нәтижесiнде, көлiк шығындары шамамен 35%-ға қысқарады. Жалпы, сарапшылардың болжамы бойынша, қазiр Қазақстан жүзеге асырып жатқан барлық жоба бойынша жалпы жүк айналымы жылына 283 млрд тонна шақырымға жетеді. Салыстыру үшiн, Статистика комитетiнiң мәлiметi бойынша 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жүк тасымалының деңгейi 487 млн тонна-шақырым болған», - деді Евгений Хон.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚМ: Жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеді