- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ЖҚЖК бойынша 121 мың адам кәсіптік білім алды – вице-министр
Қазақстанда ЖҚЖК бойынша 121 мың адам кәсіптік білім алды – вице-министр
«Бағдарламаның екінші бағыты бойынша екі компонент бойынша өндірістік қызмет тұрақты дамуда. Біріншісі – оқу мен жұмысқа орналасу, екіншісі - еңбек ресурсының тиімділігін арттыру. Оқытуға келетін болсақ, ол үш бағыт бойынша жүзеге асады: кәсіптік даярлық, қайта даярлық, біліктілікті арттыру. Бағдарлама жұмыс істегелі бері 121 мың адам бізде оқыды, 105 аяқтап, оның 87 пайызы жұмысқа орналасты», - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, үшінші бағыт бойынша барлық мақсатты топтарға еңбекақыны субсидиялау қарастырылған.
«Бізде бұл қолдау 132,5 мың адамға көрсетілді, оның 67 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл шара жастар саясатында көрсетілді», - деді ол.
Сондай-ақ, үшінші бағыт бойынша еңбек ресурстарының тиімділігі арттырылады.
«Адам аз шоғырланған аймақтан экономикалық әлеуеті жоғары аймаққа көшіру қарастырылады. Елде 6 мың жергілікті пункт бар, ол ауыз су, денсаулық сақтау, білім беру әлеуеті бойынша төмен әлеуетке ие. 2011-2014 жылдар аралығында 16,1 мың адам өз еркілерімен көшірілді, оның 2014 жылы көшкендері 3456 адамды құрады. Көшірілгендердің 7,8 мыңы жұмыс істеуге қабілетті, оның 6,1 мыңы жұмыспен қамтылды», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы үш бағыт бойынша жүзеге асырылады, олар: инфрақұрылымдық және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жобаларында жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету, тұрғылықты жерін ауыстыру арқылы жұмыспен қамту.
Анара Тәңірқұлова
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған