• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау шараларын қолдану мәселесіне қатысты түзетулерді қабылдады

Сенат үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау шараларын қолдану мәселесіне қатысты түзетулерді қабылдады

14 Мамыр, 2015 13:14
Парламент Сенатының пленарлық мәжілісінде екінші оқылымда ҚР «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы төлеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.

«Еуразия экономикалық одағы аясындағы сауда-экономикалық ықпалдастық шаралары мен Дүниежүзілік сауда ұйымын кіру барысында Мемлекет басшысы алдыға қойған басты міндеттердің бірі отандық өнім өнірушілерді қолдау мен олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда барлық шараларды қолдану болатын.  Осы тұрғыдан алғанда талқыға ұсынылып отырған құжаттың маңызы зор. Құжат ұлттық заңнама талаптарын ЕАЭО мен ДСҰ келісімдеріне сәйкестендіреді»,-деді Экономикалық саясат, инновациялық даму мен кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Михаил Бортник.

Құжатты талқылаған комитет мүшелері оның Еуразия экономикалық комиссиясымен жұмыс істеуге құзырлы орган өкілінің өзге мемлекеттік органдардан алған құпия ақпараттарын алмасу мәселесін реттеуге бағытталғандығын атап өтті.

Осылайша, «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» заңға арнайы, демпингке қарсы, өтемақы салымдарынан босатуға мүмкіндік беретін расталмаған мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершілік қарастыру мәселесі енгізілетін болады. Сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы салымдарының мерзімін бұзғаны үшін де жауапқа тарту мәселесі қарастырылған.   

Заң жобасының талаптарын негізгі заңға сәйкестендіру үшін «Дән туралы» және өзге де бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізіледі. Мысалы «Кәсіпкерлік туралы», «Агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығы аймақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңдарында кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеулер арқылы ішкі нарықты қорғау мәселелері қарастырылады.

Үкіметтің құзырынан кедендік, қорғау, димпингке қарсы және өтемақы салымдары және бекіту арқылы мұнай экспортын реттеу мәселесін алып тастау мақсатында  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңына өзгерістер енгізілмек.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар