Ақтөбе оқушылары әскери-қолданбалы спорт жарысына қатысты

14 Мамыр, 2015 17:07
ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің Ақтөбе филиалы базасында Ақтөбе қаласының жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтарының тәрбиеленушілері арасында «Жас жауынгер-2015» әскери-қолданбалы спорт жарысы өткізілді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Жарысқа Ақтөбе қаласының жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің 12 әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтарының тәрбиленушілері қатыстырылды.

Жарыс әскери-қолданбалы спорт ережесіне сәйкес, бірнеше кезеңнен тұрды.

Командалық және жекелей 1-3 орын алған оқушылар қалалық білім бөлімінің, ҚР ҚМ ӘТМ Ақтөбе филиалының және «Ақжелкен» аула клубының мақтау қағаздарымен, медальдарымен және кубоктарымен марапатталады.

 

 

Барлық жаңалықтар