Сенат ТКШ несиелеу және субсидиялау бойынша түзетулерді мақұлдады

14 Мамыр, 2015 12:01
Бүгiн ҚР Парламентi Сенатының пленарлы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына кредит беру және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бiрiншi оқылымда мақұлданды.

Заң жобасы сумен жабдықтау және су бұру саласын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленген. Аталмыш заңжобасында су, бюджет, жер және экологиялық кодекстерге, «Электр энергетикасы туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

«Су кодексінде елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастарды нақтылайтын жаңа ұғымдар енгізіледi, елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін ұйымдастыру мәселелері регламенттеледі, елді мекендерді және оларды құрайтын элементтерді ауыз сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қараусыз жүйелерге жатқызу тәртібі, сондай-ақ оларды тіркеу айқындалады», - дедi Е.Досаев.

Осы ретте, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы суды тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері нақтыланды, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі ұйымдардың құқықтары мен міндеттері айқындалды

Бұдан басқа, Е.Досаев атап өткнедей, заң жобасында ауыз сумен жабдықтау көздерін таңдаудан бастап, суды тұтынушыларға беруге дейін сумен жабдықтаудың барлық сатыларында ауыз судың сапасына қойылатын талаптар регламенттелген және суды есепке алудың жалпы ережелері белгіленiп отыр.

«Жер кодексіне жер учаскесін таңдау актісін рәсімдеу кезінде қолданыстағы инженерлік коммуникацияларды бөліп берілген учаскенің шекарасынан тыс жерге көшіру қажеттігі туралы норма енгізіледі. Заң жобасымен экологиялық кодекстің 225-бабына елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұруды жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттеу бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Сондай-ақ, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдардың нормалары нақтылануда», - деп түйіндеді Е.Досаев.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар