- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, димпингке қарсы және өтемақы төлеу шаралары жөніндегі заң жобасын қабылдады
Сенат үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, димпингке қарсы және өтемақы төлеу шаралары жөніндегі заң жобасын қабылдады
Заң жобасы арнайы қорғау, демпинге қарсы және өтемақы төлеу шаралары қолданылатын іздестіру жұмыстарын жүрігзу үшін өтініш беру мен ДСҰ келісімдеріне сәйкестендірілген іздестіруді жүргізудің регламенттелген процедураларын өзгертуді қарастырады. Сонымен қатар, іздестурді ЕЭК құрылымында іздестіру жүргізетін орган тарапынан жүргізу тәртібін реттейді.
«Қазіргі таңда ДСҰ-на кіру жөнінде келіссіздердің жүргізіліп жатқандығына байланысты бұл мәселелер өте өзекті болып табылады. Бұл сала үш заңмен реттеледі және олар халықаралық тұжырымды тәртіптермен үйлеседі, алайда Кедендік Одақ асяында кейбір тәртіптер өзгеруде. Сол себепті сауда шараларын қолдану шешімдері Еуразиялық экономикалық комиссия тарапынан қабылдануда. Бұл өз кезегінде ұлттық заңнамаларды үйлестіруді талап етіп отыр. Заң жобасының қабылдануы ЕАЭО аясында бірыңғай сауда саясатын ұстануға қатысты міндеттерді орындауға ықпал етеді. Сонымен қатар, ол республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын қажет етпейді және оның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда кері әсері де болмайды»,-деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
Осылайша, Экономикалық саясат, инновациялық даму мен кәсіпкерлік жөніндегі комитет өкілдері аталмыш құжаттың үшiншi елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға бағытталғандығын атап өтті. Құжат сонымен қатар ұлттық заңнаманың нормаларын ЕАЭО мен Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдеріне үйлестіреді. Өз кезегінде ол еліміздің ДСҰ-на кіруіне оң ықпал етеді.
Еске сала кетейік, заң жобасын қабылдау ел экономикасына зиянын тигзіп отырған күн санап өсіп жатқан тауарлар импортынан ішкі нарықты сақтандыруға шарттар қалыптастырады. Бұл үдеріс заңнамадағы кем-кетіктер бойынша тиісті сауда шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Индира Кауметова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау