• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 22 мың нысан мен бағалы құжат жария етілді – Қаржы министрлігі

Қазақстанда 22 мың нысан мен бағалы құжат жария етілді – Қаржы министрлігі

14 Мамыр, 2015 14:51
Мүліктерді жекешелендіру жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 286,6 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 30 897 өтініш түсті.

Қаржы министрлігі хабарлағандай,  сомасы 202,9 млрд. теңгеге 25 455 тұрғын үй объекті,  сомасы 80,5 млрд. теңгеге 13 461 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 56,1 млрд.теңгеге 3 324 коммерциялық объект, сомасы 0,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 14 қатысу үлесі, сомасы 2,5 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 146,7 млрд. теңгеге 22 277 объект жария етілді.

 Мүліктерді жекешелендіру бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 228,8 млн тенге құрайтын 11 тұрғын үй объектісін жекешелендіру бойынша  өтініш келіп түсті.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 06.05.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 67,4 млрд.теңге ақшаны жария етуге 112 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,6 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 23,8 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 34,3 млрд. теңге.

Осы жылдың мамыр айының сегізіне сәйкес, жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 2,6 млн.теңге түсті.

Барлық жаңалықтар