- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысының оқушылары патриоттық әндерді шырқады
Ақмола облысының оқушылары патриоттық әндерді шырқады
15 Мамыр, 2015 08:54
Ақмола облысының Астрахань ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты патриоттық әндердің байқауы өтті, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Байқауды «Астрахань ауданының жастар ресурстық орталығы» мен аудандық білім бөлімі ұйымдастырды. Ән бәсекесіне 26 орындаушы қатысты.
«Үміткерлер байқауға ұзақ уақыт дайындалды, сахнада лайықты орындай білу үшін патриоттық тақырыптардағы әндерді үйренді. Бұл байқау Астрахань ауданында жыл сайын ұйымдастырылып, жақсы дәстүрге айналды»,-делінген хабарламада.
Байқауға қатысушылардың әрқайсысы өзінің дайындаған нөмірін лайықты орындауға тырысты. Олар ұрандар жазылған транспаранттарды, шарлар мен патроиттық әндермен сәйкесетін түрлі билерді пайдаланды.
Қатысушылардың барлығы ауданның ресурстық орталығы тарапынан мемлекеттік жастар бағдарламасын орындау бойынша құнды сыйлықтармен, грамоталармен марапатталды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты