ҚР ЕХӘҚМ денсаулыққа зиянды кәсіп пен өнеркәсіптер тізімін жасады

12 Қазан, 2013 15:16
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі денсаулыққа зиянды кәсіп пен өнеркәсіптер тізімін жасады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Салымшылар өз қаражаты есебінен олардың пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өнеркәсіп, кәсіппен қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы жобасын дайындаумен айналысуда. Қазіргі уақытта Тізім жобасы мемлекеттік органдардың келісіміне жіберілді», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, сараптама жасау үшін Тізім жобасы жеке кәсіпкерліктердің тіркеуден өткен 9 субъектілер бірлестігіне жөнелтілген. 

Жұмыс нәтижелері бойынша, зиянды (өте зиынды) еңбек жағдайындағы кәсіптер тізіміне ену критерийлері мен көрсеткіштері анықталды. Бұл зиянды өндірістік факторлар; зиянды және өте зиянды еңбек жағдайындағы 80 пайыздан төмен емес жұмыс орындары мен зиянды еңбек жағдайының сақталуы, өнеркәсіптің ерекшелігіне сай зияндығы 3 топтан төмен емес.
 

Барлық жаңалықтар