• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысының аграрилері жанармай мен көктемгі дала жұмыстарын жүргізу несиесін уақытылы алды – әкімдік

Павлодар облысының аграрилері жанармай мен көктемгі дала жұмыстарын жүргізу несиесін уақытылы алды – әкімдік

14 Мамыр, 2015 10:46
Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Шарбақты және Успен аудандарында болып қайтты, деп хабарлады қала әкімдігі.

Шарбақты ауданындағы жұмыс сапары барысында аймақ басшысы «ВИГИС», «Абай», «Победа» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері алқаптарындағы көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты, сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесті.

Биылғы жылы Шарбақты ауданындағы егіс алқабы 164,9 мың гектарды құрайды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 29,4 мың гектарға артық. Дәнді дақылдар 97,1 мың гектар жерге, майлы дақылдар 17,4 мың гектар жерге, жемшөп дақылдары 49,5 мың гектар жерге, картоп пен көкөніс 0,75 мың гектар жерге отырғызылмақ.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге ауданға 1492 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Бүгінгі таңда 101,9 мың гектар жерде ылғал сақтау технологиясы қолданылды.

«ВИГИС» ЖШС директоры Виктор Григоров берген ақпараты бойынша, оның шаруашылығының 8,7 мың гектар ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері бар, оның 6 мың гектарына бидай, тары және күнбағыс егілген. ЖШС-де 18 адам еңбек етеді.

Александровка ауылында облыс әкімі көктемгі егіс жұмыстарына кірісіп кеткен «Абай» ЖШС-тің алқаптарын аралады. Серіктестік басшысы Едіге Арбиевтің айтуынша, «Абай» ЖШС-тің егіс алқабы 11 мың гектардан астам. Мұнда бидай, арпа, қарақұмық, сұлы, бұршақ, тары және күнбағыс өсіріледі.

 «Победа» ЖШС директоры Александр Поляковтың айтуынша, биылғы жылы шаруашылықтың егіс алқабы шамамен 33 мың гектарды құрайды. Комбайндар, егіс кешендері, тракторлар, тұқымсепкіштер, соқалар сақадай сай. «Победа» ЖШС-тің қазіргі уақытта 25 егіс кешені бар. Шаруалар күнбағыс егіп қойған, жемшөп дақылдары отырғызылуда.

Шарбақты ауданының ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілері облыс әкіміне егіс науқанының барлық агротехникалық және агротермиялық шарттарға сай екенін, сондай-ақ мемлекеттен жанар-жағармай мен кредитті уақытында алғандарын, ең бастысы, биылғы ауа райының қолайлы екендігін айтты.

Шарбақты ауданынан кейін облыс әкімі Успен ауданындағы көктемгі егіс жұмыстарымен танысты. «Галицкое», «Алдияр» ЖШС-тердің, «Егімбай» ФК алқаптарын аралады.

Успен ауданында ауыл шаруашылық дақылдарының алқабы 196,5 мың гектарды құрайды деп күтілуде, бұл 2014 жылғы деңгеймен тең. Дәнді дақылдар 106,3 мың гектар жерге, майлы дақылдар 38,0 мың гектарға, жемшөп дақылдары 51,7 мың гектарға, картоп пен көкөніс 0,4 мың гектар жерге отырғызылады.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 2200 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Ауданның тауар өндірушілеріне ауыл шаруашылығын дамытуға 384,0 млн. теңге сомасына кредит берілді.

Бүгінгі таңда 102,4 мың гектар жерде ылғал жабылды. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дәнді дақылдардың 9,07 мың тонна тұқымын септі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бұл нысанға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жобасын әзірлеген, қазіргі уақытта құжат мемлекеттік сараптамада.Интернат-үйдің ашылуы онда 200 емделушіні орналастыруға және 160 маманды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар