- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 60 оқушы «Үркер» белгісімен марапатталды
Алматыда 60 оқушы «Үркер» белгісімен марапатталды
Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен өткен жылдары «Үркер» төсбелгісін иеленген 26 жүлдегер марапатталды.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов оқушыларды құттықтады және талантты және дарынды балаларға қолдау көрсету мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Білім саласындағы жетістіктерімен осындай дарынды оқушылар халықаралық аренада және республикада мегаполистің беделін арттыра түсуде.
«Қазіргі заман бір орында тұрған жоқ. Жаңа идеялар мен жаңашыл шешім барысында бәсеке де артып келеді. Бүгінгі күн - нағыз дарынды, талантты, білімді жастардың кезеңі. Бәсекенің басты кепілі - білім. Терең білімнің арқасында ғана біз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ене аламыз. Жастары барынша білімді елдер ғана табысты болады», - деді Ахметжан Есімов.
«Үркер» интеллектуалды марапаты белгіленген 7 жыл ішінде құрметті төсбелгімен 1312 мектеп оқушысы марапатталды. Алматы қаласының командасы 10 жыл қатарынан республикалық олимпиадада командалық бірінші орында келеді. Бұдан өзге, мегаполис оқушылары биылдың өзінде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми сайыстарда 104 жүлделі орындарды жеңіп алды, атап айтқанда 24 алтын, 38 күміс, 42 қола медальдарды иеленді.
Биыл Алматы қаласы әкімі белгілеген «Үркердің» арнайы көшпелі символы интеллектуалды сайыста көп жүлдегер дайындаған Арнайы Қазақ-түрік мектеп-интернатына берілді.
Әкім өзінің сөзінде мегаполисті дамытудағы басты бағыттардың бірі мектептер салу мен оларды модернизациялау екенін айтты. Білім нысандарының материалдық базаларын заманауи қондырғылармен қамтамасыз етумен қатар оқу процесінің сапасын арттыруға да ерекше назар аударылуда.
«Үркершілердің» ата-аналарына Алғыс хаттарды тапсырған Ахметжан Есімов оларға дарынды бала тәрбиелегендеріне ризашылық білдірді.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
ТКШ: 2607 жаңа басқару нысаны құрылды -
Вакциналау кестесі сақталмаған өңірлер, төсек-орын жетіспеушілігі және оқушылар арасындағы КВИ -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек