• Басты
  • Жаңалықтар
  • Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында балалар шығармашылығының көрмесі өтті

Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында балалар шығармашылығының көрмесі өтті

14 Мамыр, 2015 20:46
Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында «Қазақстан – алтын бесігім» атты балалар шығармашылығы байқауына ұсынылған жұмыстар көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

Жас өнерлілердің байқауын Қазақ хандығының 550 жылдық және ұлы ақынымыздың 170 жылдық мерейтойларына орай Абай мұражайы мен «Жас қанат» балалар шығармашылығы орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Көрменің ашылу салтанатында «Жас қанат» орталығы шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.

Семей қаласындағы сурет өнеріне бейімі бар мектеп оқушыларының туындылары және қолөнер бұйымдары байқауының жеңімпазы атанған және үздік деп танылған оқушылардың шығармалары осы көрмеден орын алды.

 

 

Барлық жаңалықтар