Өскеменде орталық алаң мен Ертістің жағалауы қайта жөнделуде

14 Мамыр, 2015 09:38
Облыс әкімі даниал Ахметов Өскемендегі Ертістің жағалауы мен орталық алаңға жататын маңызды мәдениет нысандарын қайта жөндеу жөніндегі жобаларды қарап шықты, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығы.

Ертістің жағалауына қатысты жоспарлар бойынша, онда жүгіруге арналған және велосипед қозғалысына арналған ұзындығы 2,5 километрді құрайтын жолдар мен 3 балалар алаңы, жаттығуларға арналған тренажер құрылғылары, жаңа шамдар мен отырғыштар және биодәретханалар орнатылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ертіске түсетін аймақтарда қоршаулар орнатылады.

Бұған қоса, таратылған ақпараттар бойынша қаланың басты алаңын көлемі әрқайсысы 20/40 метр болатын жарықтандырғыш, музыкалық субұрқақтар әрлендіріп тұрады. Сонымен қатар, жерге төселетін тастарды да ауыстырады, ескілерін алу жұмыстары басталды. «Бұл шағын, бірақ тұжырымды шешімдер облыс орталығын абаттандырады. Осындай жобалар Семейде де жүзеге асырылады»,-деді Даниал Ахметов.

Жобалаушылар мен құрылысшылардың жоспарлары бойынша орталық алаң мен Ертіс жағалауын қайта жөндеу тамыз айының соңына дейін аяқталады.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар