• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық әскери қызметшілер ҰҚШҰ ЖІҰК контингенттік даярлығын қауырт тексеруге қатысады (Фото)

Қазақстандық әскери қызметшілер ҰҚШҰ ЖІҰК контингенттік даярлығын қауырт тексеруге қатысады (Фото)

14 Мамыр, 2015 09:23
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес ҰҚШҰ мемлекеттерінің жедел іс-қимыл ұжымдық күштерінің әскери контигенттері арасындағы даярлығын қауырт тексеру басталды.

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, ҚР Қарулы Күштерінің бөлімшелерінде өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес оқу-жаттығу ауданына ҰҚШҰ ЖІҰК құрамы әуе көлігімен келеді.

Естеріңізге сала кетсек, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасынан келген арнайы мақсаттағы күштік құралымдар мен әскери контигенттер ҰҚШҰ ЖІҰК құрамына кіреді.

Оқу-жаттығуды өткізу жоспарына сәйкес әскери контигенттер бөлімдерін авиацияның әскери-көліктік ұшақтарымен қайта топтау іске асырылып, штаттық қару-жарақпен, техника және запастағы оқ-дәрілермен жаяу шеру жасалды. ҰҚКҰ ЖІҰК әскери контигенттерін тексеру және қайта топтау барысында армия және майдандық авиация, ауыр бронды техника және артиллерия, түрлі қарулар мен оқ-дәрілер қолданылатын болады.

Оқу-жаттығу 20 мамырға дейін жалғасып, оған ҰҚКҰ мүше мемлекеттерден 2 мыңнан аса әскери қызметші тартылады. Оқу-жаттығу Тәжікстанның оңтүстігіндегі Хатлонск гарнизонына қарасты «Харбмайдон» полигонында өтеді.

 

Барлық жаңалықтар