• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ҚК және АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілдері ҚР мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР ҚК және АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілдері ҚР мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады

13 Мамыр, 2015 20:11
Ағымдағы жылдың 12-13 мамыры аралығында Астана мен Алматы қалаларында АҚШ әскери-саяси істер бюросы хатшысының бірінші орынбасары Тод Чапманның басшылығымен АҚШ Мемлекеттік Департаментінен келген делегацияның іссапары өтуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

 Іссапар аясында мемлекеттік департамент өкілдері ҚР ҚМ орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаровпен кездесті. Екі ел өкілдері екі жақтың қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастық туралы өзекті мәселелерін талқылады.

 Осыдан кейін Тод Чапман Қазақстанның бітімгершілік бригадаларын, сондай-ақ «Іле» оқу-жаттығу орталығын аралап, Халықаралық әскери білім бағдарламасы (ІМЕТ) аясында білім алып жатқан әскери қызметшілермен кездесті. Естеріңізге сала кетсек, ҚР ҚК мен АҚШ әскери қызметшілері қатысатын бітімгершілік оқу-жаттығуының бірі «Дала қыраны» болып табылады.

Сонымен бірге ағымдағы жылғы сәуір айының басында Алматы облысындағы «Іле» оқу-жаттығу полигонында халықаралық шараның бірінші арнайы тактикалық кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл іс-шараға Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританиядан, сондай-ақ ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің «Қазбриг» бітімгершілік бригадасынан шамамен 100 әскери қызметші қатысты.

Аталған әскери жаттығулардың басты мақсаты – БҰҰ бітімгершілік операцияларын өткізу барысында Қазақстандық бітімгершілік бригадаларымен батальонының штаб жұмыстарыніс жүзінде жетілдіру. Сондай-ақ қарсы жақтар арасында орын алған қақтығыс барысында бітімгершілік іс-қимылды орындауда бөлімшенің жауынгерлік жинақылығын арттыру болып табылады.

 

Барлық жаңалықтар