- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Парламент мәжілісі депутатының «Елбасы және қазақ мемлекеттігі» кітабының тұсаукесері өтті
Астанада Парламент мәжілісі депутатының «Елбасы және қазақ мемлекеттігі» кітабының тұсаукесері өтті
Кітапта Қазақстанның орнықты және тұрқаты дамуының қамтамасыз етілуі, ұлттық валюта мәселелері, экономикалық тәуелсіздік негіздері, мемлекеттік шекараны кеңейтуге қатысты мәселелер қамтылған. Әсіресе шығыстағы көршіміз Қытай Халық Республикасымен өзара қарым-қатынас мәселелері ашық және кең көлемде баяндалады.
Сонымен қатар кітап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің жаңа дәуірдегі мемлекет құрылысы мен оның дүниежүзілік қоғамдастыққа еркін араласып, бәсекеге лайықты ширақ топтан көріну мақсатындағы орасан мемлекеттік қайраткерлік еңбегіне арналған.
«Біз Қ. Сұлтановтың еңбегімен мұқият таныстық, бұл шынымен де өз мазмұны бойынша өте бай еңбек, бұл еңбекте тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қазіргі таңға дейін еліміздің даму хронолгиясы көрсетілген. Мұнда алғашқы жылдардағы еліміздің даму тарихы егжей-тегжейлі жазылған, мәселен, еліміздің әр кезеңде бар қиындықты қалай шешкенін тарихтан түрлі фактілер келтіре отырып баяндаған. Қазақстанның үлкен рөлін, еліміздің дамуын көрсете отырып, кітапта ұлт көшбасшысы ел Президентінің мемлекетіміздің дамуындағы рөлі көрсетіледі. Мен бұл кітап ең алдымен саясаткелерге, мамандарған, ғалымдарға, жастарға пайдасы мол деп санаймын, бұл кітап қолда жүретін кітпақа айналуы тиіс»,- деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Асан Бижанов.
Атап өтсек, шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар, жоғары оқу орынадрының өкілдері, ҚР қоғамдық қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауім өкілдері, ұлттық академиялық кітапхана оқырмандары қатысты.
Өз кезегінде Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Башмаков аталмыш кітаптың Қазақстанның барлық өңіріндегі ҚХА барлық кафедрасына кеңінен таралатынын атап өтті.
«Бізде қазір кафедрада кезекті жинақты жарыққа шығару дайындалуда, бұл біздің кафедра жұмыс жасағалы екіншісі болмақ, және оған осы кітаптағы ҚХА қатысты үздік материалдар іріктеліп, сіздің рұқсатыңызбен оны қайта басамыз, себебі ол Қазақстандағы барлық кафедраға таралады », - деп түсіндірді А.Башмаков.
ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің тұсаукесері аясында Қ.Сұлтановтың бірегей басылымының көпшілік рецензиясын ұйымдастырды. Басылым сондай-ақ көпшілікке ғаламтор арқылы қол жетімді болу үшін электронды нұсқада да ұсынылатын болады.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру