• Басты
  • Жаңалықтар
  • АҚШ ЖОО-лары Қазақстанға білікті кадрларды дайындауда қолғабыс көрсетуге әзір - СІМ

АҚШ ЖОО-лары Қазақстанға білікті кадрларды дайындауда қолғабыс көрсетуге әзір - СІМ

13 Мамыр, 2015 18:39
ҚР АҚШ-тағы Елшісі Қайрат Омаров Солтүстік Каролина штатына сапармен барды, деп хабарлады ҚР СІМ.

Елші штаттың астанасы Райли қаласында Лейтенант-губернатор Дэниел Форестпен және Өкілдер палатасының спикері Тим Мурмен кездесті. Дарэм қаласында Елші Дюк университетінің Халықаралық даму орталығында «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы үшін мемлекеттік саясат және басқару салаларында дайындық бағдарламасы» шеңберінде үш айлық курсын бітірген қазақстандық мемлекеттік қызметкерлердің оқу тәмамдау рәсіміне қатысты.

Сонымен қатар, аталған орталықтың, «Жаһандану, басқару және бәсекелестік орталығының» және Фукуа Бизнес мектебінің басшылығымен таныстырмалы кездесулер өтіп, олардың барысында Қазақстанның оқу мекемелерімен қазіргі және болашақ ынтымақтастығы талқыланды.

Америкалық жоғарғы оқу орнының жетекшілігі қазақстандық тараппен қарым-қатынасты жоғары бағалап, ү.ж. маусымда Астанаға келіп, Назарбаев университетінің бірінші түлектерінің оқуын аяқтау рәсіміне қатысуға ниет білдірді. Қазақстан дамуының жоғары деңгейі атап өтіліп, «Дюк университетінің маман кадрларын даярлау арқылы еліміздің өркендеуіне үлес қосу дайындығы» хабарланды.

Штаттың ресми тұлғаларымен кездесу барысында Қазақстан және Солтүстік Каролина арасында іскерлік ынтымақтастық пен екіжақты қарым-қатынастың даму мүмкіндіктері талқыланды.

Қ. Омаров сұхбаттастарын елімізде өткен сайлау нәтижелері, «Нұрлы жол» бағдарламасы, Елбасы ұсынған 5 институционалды реформалар және Қазақстан нарығының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қолданған шаралар туралы хабардар етті. Штатта күн энергиясының кеңінен пайдаланылуын және жаңартылатын энергия бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтіп, қазақстандық дипломат штат компанияларын Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне шақырды.

Д. Форест, өз кезегінде, штаттың негізгі қозғауыш күші болып табылатын ауыл шаруашылығы мен биотехнология саласында, сонымен қатар білім және ғылыми-зерттеулер салаларында өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін білдірді.

Штат өкілдері палатасының спикері Тим Мур «экономиканың және бизнестің дамуында маңызы зор Қазақстандағы саяси тұрақтылықты» атап өтті. Сонымен қатар, Спикер Солтүстік Каролина Өкілдер палатасында біздің мемлекетпен екіжақты ынтымақтастықты қолдау туралы ресми мәлімдеме жасап, хаттың көшірмесін Қазақстан Елшісіне тапсырды.

Қорытындылай келе, Қ. Омаровтың Солтүстік Каролинаға сапары екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға штат басшылығының мүдделілігін және қатынастарды одан әрі дамыту әлеуетін көрсетті.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар