- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда 340 жетім балаға пәтер берілді (Фото)
Шығыс Қазақстанда 340 жетім балаға пәтер берілді (Фото)
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында ШҚО әкімдігінің бастамасымен 2011 жылдан бастап өңірде 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспар мен «Мейірім» акциясы жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі күні акциямен облыс бойынша 1800 астам бала қамтылып, олардың есепшоттарына аударылған қаражат көлемі 212 млн. теңгені құрап отыр.
Айта кету керек, ШҚО-да бастау алған «Мейірім» акциясын жүзеге асыруды бүгінгі күні Республикадағы өзге облыстар да қолға алуда.
«Жеңістің 70 жылдығымен қатар, біз тарихтың бір тағылымын ұмытпауымыз керек. Сол сұрапыл кезеңде Қазақстан жеріне өзге аймақтардан 47 мыңға жуық жетім көшіліріп, оларға қазақ ұлты өзінің қанына сіңген бауырмалдығын танытқан. Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр» деген жақсы сөз бар. Сондықтан, жетім балаларға үлкен қолдау білдіруіміз керек. Тұрғын үй жинақ банкінде жиналған 212 млн.теңге де балаларға бөлінетін болады», – деген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өңірлік кәсіпкерлерді аталмыш акцияға белсенді ат салысуға шақырды.
Айта кету керек, қазіргі таңда ШҚО-да 3519 жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған бала бар. Оның ішінде 1191 бала толық мемлекет қарауында, 2192 бала отбасында қамқорлықта болса, 136 бала патронаттық тәрбиеге берілген
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме?