Қазақстанда соңғы 5 жылда экспортталған тауар көлемі 38%-ға артты

14 Мамыр, 2015 11:52
Соңғы 5 жылда экспортталатын тауарлар номенклатурасы 38%-ға артты. Бұл туралы «Қазақстандық индустрия даму институты» АҚ Strategy2050.kz. АА-ға берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

2008 жылы Қазақстаннан экспортталған тауар көлемі 1865 құрады, 5 жыл ішінде аталмыш көрсеткіш 724 атауға артты, 2013 жылы экспорттық тауарлар саны 2220-ға жетті. 

Ведомство хабарлағандай, бұл  қара металл құбырлары, сорғы-компрессорлық және бұрғылау, ұзындығы 600 мм және қалыңдығы 3 мм астам болатын темірден жайпақ прокат және нелегированный болат, мұнай битумы, алтын ұнтағы, портландцемент, құбырлар, тығындар, жапқыштар, қақпақтар және тығындауға қажет бұйымдар, сондай-ақ құрамында какао бар дайын тамақ өнімдері, фосфор қышқылы және полифосфорлы қышқыл, сірне, радиаторлар және қара металдан жасалған олардың бөлшектері, полифосфаттар, мыс қорытпасынан жасалған сымдар, мыстан және мырыш негізінде жасалған сымдар және басқалары.

Әлемдік экономикаға тауардың 6048 түрі енетінін, оның ішінде өнеркәсіптің 4819 түрі, өңдеуші өнеркәсіптің 4651 түрі енетінін атап өткен жөн.  

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар