• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шымкентте қуаттылығы жылына 2,5 млн шаршы метр болатын керамогранит өндіретін зауыт іске қосылды

Шымкентте қуаттылығы жылына 2,5 млн шаршы метр болатын керамогранит өндіретін зауыт іске қосылды

13 Мамыр, 2015 18:09
«Шымкентте керамогранит өндіретін зауыт іске қосылды, деп хабарлады Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі.

Зауыттың негізгі өнімі – керамикалық гранит – Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өткізуге бағдарланған. Оның өндірісі үшін жоғары сапалы баяу балқитын балшық, ең таза кварц құмы, дала шпаты және табиғи пигменттер қолданылады.

Кәсіпорында  «Barbieri & Torozzi» итальяндық жабдық орнатылды. Зауыттың техникалық қуаттылығы жылына керамограниттің 2,5 миллион текше метрін құрайды. Өнімнің жоғары сапасы бәсекелестердің аналогтарынан басым болып табылады.  

Ағымдағы сәтте өндірісте 80-нен артық адам еңбек етуде, келешекте жұмыс орындарын 200 адамға дейін көбейту жоспарланған. Жаңа инвесторды жоспары – қажетті шикізаты бар жеке кен орнын өндіру және өңдеу мақсатында кен қойнауын пайдалану жобаларына қатысу, бұл компанияға дербес және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сырттағы өнім берушілерге тәуелділікті жояды.  

«Азия Керамик» ЖШС-і «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-дан Инвестициялық қорға берілген 35 проблемалық жобалардың бірі екенін естеріңізге сала кетейік. Кәсіпорынды сауықтыру жұмысы шеңберінде 2014 жылғы маусымда борышты мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында атқарушылық іс қозғалды.  Былтырғы жылғы қазанда өндірістік кешен активтері «Азия Керамик» ЖШС-нің борышын өтеу үшін Инвестициялық қордың балансына қабылданды.   

Жобаны қабылдау сәтінен бастап ҚИҚ «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен инвесторды іздеу бойынша белсенді жұмыс жүргізді, ұзақ келіссөздердің нәтижесінде жобаға «ЗЕРДЕ» ҒӨБ» ЖШС тартылды. Осы компанияның өндірістік және құрылыс секторында жұмыс тәжірибесі мол, сондай-ақ логистикалық бизнеске, фармацевтикалық секторға және т.б. белсенді қатысып келеді. 2014 жылғы 30 қазанда «ЗЕРДЕ» ҒӨБ» ЖШС және ҚИҚ арасында керамогранит өндірісі бойынша зауытты сатып алу-сату шарты жасалды.     

Қазіргі уақытта «ЗЕРДЕ» ҒӨБ» ЖШС техникалық аудит пен іске қосу-жөндеу жұмыстарын қорытындылауда. Сондай-ақ, жабдықтың тестілік пайдалануы жүргізілді және дайын өнімнің сынамалық партиясын (күйдірілмеген) шығару жүзеге асырылды. 

Барлық жаңалықтар