Қазақстанда жұмыспен қамтылған адамдардың саны 48,6 мың адамға жетті

14 Мамыр, 2015 08:51
Республика экономикасында 2015 жылғы мамырда, бағалау бойынша 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 48,6 мың адамға немесе 0,6%-ға көбейді, деп хабарлады Статистика комитеті.

Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,1 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 71,2%) құрады.2015 жылғы I тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 76,5%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 23,5% құрады.

2015 жылғы мамырда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 455,6 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2015 жылғы сәуір айының соңына 63,8 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады.

 

Барлық жаңалықтар