• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қырғызстанның ЕАЭО кіруі жөніндегі келісім екі айдың көлемінде ратификацияланады – Р.Ошақбаев

Қырғызстанның ЕАЭО кіруі жөніндегі келісім екі айдың көлемінде ратификацияланады – Р.Ошақбаев

13 Мамыр, 2015 16:17
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасындағы кедендік бақылау 1-2 айдың көлемінде алынып тасталады, деді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев.

«Қырғызстанның ЕАЭО-на кіруіне байланысты алдыда бізді біраз күрделі жағдайлар күтіп тұр. 8-мамырда хаттамаларға қол қойылды. Түптеп келгенде, Қырғызстанның ұйымға қосылу жөніндегі келісім ратификацияланатын болады. Біздің пайымымызша, алдағы 1-2 айдың көлемінде құжат ратификацияланады, бұдан соң Қазақстан мен Қырғызстан кедендерінің арасында кедендік бақылау, көліктік бақылау, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау жойылады. Қырғызстанның ЕАЭО қосылуы қазақстандық бизнестің бәсекелестігіне қалайша әсер ететіндігі ашық күйінде қалып отыр, белгілі бір деңгейде бейімделу керек болады»,-деді Р.Ошақбаев «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасында индустриалды жобаларды ұзақмерзімге қаржыландыру мәселесіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған қоса, ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Үкімет өкілдеріне дағдараысқа қарсы қолданып отырған шаралары үшін  алғысын білдірді.          

«Бірінші кезекте бұл квазимемлекеттік секторда отандық тауар өндірушілер үшін басымдық беретін меморандумдар. Бұл бағыттағы жұмыстар Үкімет өкілдері тарапынан тыңғылықты жүргізілді, мамандар еліміздің аймақтарында да болды. Сонымен қатар, Үкіметтің қадағалауымен ұзақмерзімді келісімдер жасалуда, квазимемлекеттік компаниялардың несиелік қарыздарын жауып, ірі өнеркәсіп компанияларындағы ашықтықты қамтамасыз етулері үшін Үкімет тарапынан ықпал етілуде»,-деді ол.    

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар