- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс жеке детективтік қызмет туралы заң жобасын мақұлдады
Заң жобасында осы қызметпен айналысуға үміттенетін адамдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ жекеше детективтердің құқықтары мен міндеттері айқындалып, детективтік іс-шаралардың түбегейлі болып табылатын тізбесі (жеке әңгімелесу; анықтамалар, мінездемелер сұрату) енгізіледі.
Жеке детективтердің қызметі азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қозғайтындықтан, заң жобасында жекеше детективтік қызметті лицензиялауды енгізу ұсынылып отыр.
Осы заң жобасы бойынша Мәжіліс депутаттарынан, тұрақты комитеттері мен заңнама бөлімінен келіп түскен барлығы 240-қа жуық ескертпелер мен ұсыныстар қарастырылып, талқыланған.
Негізгі заң жобасында жекеше детективтің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына байланысты өкілеттіктері көзделгендіктен, ілеспе заң жобасында оларды теріс пайдаланғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Ол жекеше детективтің қылмыстық әрекеттерімен келтірілген зиянның дәрежесі бойынша ажыратылады.
Ілеспелі құжат Салық кодексіне, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға тиісті толықтырулар енгізуді көздейді.
Жалпы отырыста мәжілісмендер меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелеріне қатысты заң жобасын екінші оқылымда қарап, оң бағасын берді.
Онда Азаматтық кодекстің заңсыз актілерді шығару салдарынан меншік иесіне келтірілген залалды, тиісті актіні шығарған мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның кінәсіна қарамастан өтеу туралы 267-бабының редакциясын нақтылау ұсынылады. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы нормаларды екіұдай түсіну жойылады.
Бұл құжат бойынша депутаттардың, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Ұлттық Банк, Әділет министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының 20 отырысы өткізілген.
Осы күні Мәжіліс депутаттары Болгария және Румыния елдерімен адамдарды ұстап беру туралы шарттарды, сондай-ақ, Румыниямен сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобаларын мақұлдады.
Ол құжаттар аталған елдердің құзыретті органдары арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған.
Палата осы күні сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңға және конституциялық заңдарға азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістерге қатысты заң жобалары мен Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы, Ресеймен Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы келісімдерді ратификациялау туралы заң жобаларына байланысты бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары