Қазақстанда 5 жылда қайта өңдеу өнеркәсібінің 28 жаңа секторы пайда болды

13 Мамыр, 2015 16:42
5 жыл ішінде Қазақстанда қайта өңдеу өнеркәсібінің 28 жаңа секторы пайда болды. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агентігінің тілшісіне берген сұхбатында «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» (ҚИДИ) акционерлік қоғамының өкілдері мәлім етті.

Осылайша, Қазақстанда 2008 жылы қайта өңдеу өнеркәсібінің 128 секторы бар болатын, 5 жылдан соң тағы 28 сектор пайда болды, 2013 жылы олардың барлығы 154 секторды құрады.  

ҚИДИ мәліметтері бойныша бұл әуе, ғарыштық техника, коммуникациялық құрылғы, медициналық және стоматологиялық құралдар, кемелер мен жүзгіш құралдар, нығыздағыштар, жапырақты металдардың көшірмесін жасау, автокөлік құралдарының бөліктері сияқты өзге де өндіріс секторлары. Сонымен қатар, талшықты-оптикалық кабель, пеш, пештің жағу құрылғысы, электр жарығымен қамтамасыз ететін құралдар сияқты құрылғылар да жатады. 

Айта кететін мәселе, әлемдік экономикада 615 сектор бар, олардың 262 барлық өнеркәсіпті, 230 қайта өңдеу өнеркәсібін құрайды.   

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар