• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тауфик Ал-Рабия: Біз Қазақстанды Орталық Азиядағы экономикасы дамыған ең ірі ел деп танимыз

Тауфик Ал-Рабия: Біз Қазақстанды Орталық Азиядағы экономикасы дамыған ең ірі ел деп танимыз

13 Мамыр, 2015 14:17
Біз Қазақстанды Орталық Азиядағы экономикасы дамыған ең ірі ел деп танимыз, деді Қазақстан-Сауд Арабиясы бизнес форумында Сауд Арабия королдігінің сауда және индустрия министрі Тауфик Ал-Рабия.

«Сауд Арабиясы мен Қазақстан бауырдас және Исламға деген көзқарас жолында тығыз байланысқан, осыдан кейінгі шаралар да екі ел игілігіне жүзеге асырылады. Біз Қазақстанды Орталық Азиядағы экономикасы дамыған ең ірі ел деп танимыз», - деді министр.

Тауфик Ал-Рабия атап өткендей, Қазақстан мен Сауд Арабиясы ИЫҰ-ға мүше, олар аталмыш халықаралық ұйымның барлық ұсыныстарын бірге жүзеге асыруға мүдделі.

Министр атап өткендей, елдер арасындағы сауда айналымы 2004-2014 жылдар аралығында 84,9 млн долларды құрады. Министрдің айтуынша, бұл көрсеткішті ұлғайтуға әбден болады. «Қазір  жүзеге асып жатқан жағдайлар аясында қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуге болады», - деді ол.

 Тауфик Ал-Рабия қорытындысында Қазақстанмен инвестиция және сауда саласында ынтымақтастық жүргізуде сеніміділік танытты.

«Біз ынтымақтастықты  нығайтуға бағытталған  сапарымыз бен күшіміз елдеріміздің ортақ қалауын жүзеге асырып, сауда саласының ахуалына оң әсер етеді деп үміттенеміз», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстан-Сауд Арабия бизнес форумы өтті, шараға екі ел тарапынан  кәсіпорындар мен ұйымдардың және мемлекеттік органдардың 300 өкілі қатысты.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар