Қазақстанда өнеркәсіптік өнімдерінің нақты көлем индексі 100,3% құрады

13 Мамыр, 2015 15:18
2015 жылғы қаңтар-сәуірде 2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Резеңке және пластмасса бұйымдары, өзге металл емес минералдық өнімдері, металлургия және химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі жоғарылады.

Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 10 өңірінде байқалды, Қызылорда облысында өндіріс көлемі өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді.
Сонымен бірге, көмір және біріктірілген темір кендерінің өндірісі төмендеді. 

Барлық жаңалықтар